top of page

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ПЕДАГОГТЕРІНІҢ КӘСІБИ ДАМУЫН КУРСТАН КЕЙІНГІ ҚОЛДАУ

❗2024 жылғы 16 қаңтарда ҚР ОАМ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы курстан кейінгі қолдау жұмыстарының аясында «Театр үйірмесіндегі теория мен практиканың байланысы» тақырыбында вебинар өткізді. Вебинар мемлекеттік тілде жүргізілді.

✔️Вебинарға «Мектеп жасындағы балаларға театр өнерін оқыту әдістемесі» курсының тыңдаушылары қатысты.

❗Модератор:

Ешимкулов Жаксибек Махаматкулович, Павлодар облысы, М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының қосымша білім беру педагогі, «Амплуа» театр-шығармашылық студиясының жетекшісі.

❗Спикер:

1. Турлыханова Раушан Нурбеделовна, Алматы облысы Кеген ауданының Техникалық шығармашылық және кәсіби бағдар беру орталығының қосымша білім беру педагогі.

2. Серикбаев Адлет Ермекұлы, Павлодар облысы, Ақсу қаласы, Балалар шығармашылық үйінің қосымша білім беру педагогі.

3. Сейдахмет Ғабит Ерланұлы, Шымкент қаласы, Қаратау дәстүрлі өнер мектебінің қосымша білім беру педагогі

✔️Педагогтер курста алған білімдерін өз жұмысында қолдану бойынша тәжірибе алмасты. Вебинарға қатысушылар жұмысты одан әрі жүйелі атқару мақсатында пайдалы және қажетті ақпарат алып, алдағы уақыттағы білім алушыларға сабақ өткізудің тиімді әдіс-тәсілдерін зерделеді.

✔️Вебинар театр өнерін оқыту бағытында балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, оларды оқытуды ұйымдастырудың әдістемесі мен логикасын практикада қолдануда және қосымша білім беру жүйесін дамытуда алған білімдерін тереңдетуге және жүйелеуге көмектеседі деп сенім артамыз.


bottom of page