top of page

Құттықтаймыз! Ерен еңбек еленді!

Бүгін Республика күні мерекесіне орай еліміздің дамуына және жас ұрпақты тәрбиелеу ісіне сүбелі үлес қосқан педагогтар мен қоғам қайраткерлері «Ерен еңбегі үшін» құрмет медалімен марапатталды.


Бұл марапат – өз ісіне адал, ел болашағы үшін аянбай еңбек еткен тұлғаларға көрсетілген зор құрмет пен бағалау.


Олардың қатарында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының» директоры Абишева Гүлнара Абдрахманқызы бар. Ол көпжылдық еңбегі, кәсіби шеберлігі және Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан зор үлесі үшін «Ерен еңбегі үшін» құрмет медалімен марапатталды.


Сондай-ақ, өз ісіне жан-тәнімен беріліп, ұзақ жылдар бойы орталығымыздың дамуына зор үлес қосқан, қазіргі таңда ардагер ұстаз атанған Атажанова Лилия Алдабергенқызы қосымша білім беру саласын дамытудағы еңбегі үшін осы құрметті марапатқа ие болды.


 Ұжым атынан әріптестерімізді және барша марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз!


Еңбектеріңіздің жемісін көріп, жаңа биіктерді бағындыра беріңіздер!


ree
ree
ree

Комментарии


Байланысымыз:

 

Қазақстан, Астана қаласы, Туран көшесі 55Б

Қабылдау бөлімі: 8 (7172) 57-41-49

Ақпараттық-аналитикалық бөлімі: 8 (7172) 57-41-60

Туризм, экология және техника бөлімі: 8 (7172) 57-41-52

Балалар мен жасөспірімдер қозғалысын үйлестіру бөлімі: 8 (7172) 57-41-57

Музыкалық, көркем-эстетикалық шығармашылық бөлімі: 8 (7172) 57-41-53

Қосымша білім беру және балалардың әл-ауқаты бойынша ғылыми-зерттеу зертханасы: 8 (7172) 57-41-17

Бухгалтерия: 8 (7172) 57-41-48

 

E-mail: rumcdo12@mail.ru

 

© РҚББОӘО ОАМ

bottom of page