top of page

Астанада Kazakhstan Sociology Lab 2025 социологтар мектебінің үшінші легі қатысушыларының қорытынды конференциясы өтті.

Бұл шара жас зерттеушілердің еңбектерін таныстыруға, социология ғылымын дамытуға және кәсіби қауымдастықты нығайтуға бағытталды.


 Сегіз айлық бағдарлама барысында қатысушылар деректер жинау, статистика, data mining, кеңістіктік талдау, NLP, әлеуметтік желілерді зерттеу, медиа-аналитика және көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын меңгерді.


Біз үшін ерекше қуаныш — ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының қызметкерлері Сатанов Арыстан Болатұлы мен Нургожаева Дильда Маратқызының конференцияда баяндама жасап, өз жұмыстарын таныстыруы.


 Ал қорытынды конференцияда қатысушылар Қазақстан қоғамындағы өзекті әлеуметтік мәселелерге арналған зерттеу жұмыстарын таныстырды. Жобалардың тақырыптары:

1. Әлеуметтік-экономикалық профильдер және жасөспірімдердің оқу сауаттылығы (PISA-2022);

2. Оқушылардың дарындылық дамуындағы құрылымдық факторлар және білім беру ортасының рөлі;

3. Қазақстандағы отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық рецидивистерінің типологиясы;

4. Қазақстандағы қала құрылысы сараптамасының көпқырлы шынайылықтары;

5. Бір басқанда көмек: цифрландыру мен мемлекеттік медицинаға сенім арасындағы байланыс.


�Әріптестеріміздің кәсіби жетістіктеріне шын жүректен қуаныштымыз!

ree

Комментарии


Байланысымыз:

 

Қазақстан, Астана қаласы, Туран көшесі 55Б

Қабылдау бөлімі: 8 (7172) 57-41-49

Ақпараттық-аналитикалық бөлімі: 8 (7172) 57-41-60

Туризм, экология және техника бөлімі: 8 (7172) 57-41-52

Балалар мен жасөспірімдер қозғалысын үйлестіру бөлімі: 8 (7172) 57-41-57

Музыкалық, көркем-эстетикалық шығармашылық бөлімі: 8 (7172) 57-41-53

Қосымша білім беру және балалардың әл-ауқаты бойынша ғылыми-зерттеу зертханасы: 8 (7172) 57-41-17

Бухгалтерия: 8 (7172) 57-41-48

 

E-mail: rumcdo12@mail.ru

 

© РҚББОӘО ОАМ

bottom of page