top of page

Мектептегі оқушылардың өзін-өзі басқару – білім алушыларды әлеуметтендірудің тиімді құралы

2023 жылдың 11 сәуір күні ҚР Оқу-ағарту министрлігі Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы ҚР Оқу-ағарту министрлігі тапсырысы бойынша балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың педагогтері мен бейіні бойынша мамандарына арналған «Мектептегі оқушылардың өзін-өзі басқару – білім алушыларды әлеуметтендірудің тиімді құралы» біліктілікті арттыру курсының 7 күнінің теориялық және практикалық сабақтарын қашықтық форматында өткізуде.

Бүгін қозғалған тақырыптар мектептегі оқушылардың өзін-өзі басқару қызметін жоспарлау, көшбасшылық, ойын, ойын технологияларын дамыту жайында болды.

Курс тыңдаушылары өз біліктіліктерін арттырып, сондай-ақ тәжірибе алмасып отыр.


bottom of page