top of page

«Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында өтетін «Экология және балалар» атты оқушылардың зерттеу жұмыста

2018 жылы 14 желтоқсан күні Шымкент қаласы білім басқармасының 22.11.2018 жылғы №726 бұйрығының негізінде, Шымкент қаласы білім басқармасының «Экологиялық орталығы» КММ ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында «Экология және балалар» атты оқушылардың зерттеу жұмыстарының байқауы мен жеңімпаздарды марапаттау рәсімі Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта мектебінде өтті.

Экологиялық ой-санасы үйлесімді қалыптасқан жеке тұлғаны шығармашылық тұрғыда дамыту, оқушылардың шығармашылық зерттеу қабілеттеріне қолдау көрсету және дамыту мақсатында өткізіліп жатқан іс-шараға қаламыздағы жалпы білім беретін мектептерінің 14-16 жастағы оқушылары мен қосымша білім беру ұйымдарының білім алушылары қатысуда. Жалпы байқауға 136 жұмыс келіп түсті.

Жыл сайын облыс көлемінде өткізілетін байқау биылғы жылы алғашқы рет қала мектептерінің арасында 5 номинация бойынша ұйымдастырылып өткізілді.

«Экология және адам денсаулығы» номинациясында оқушылар атмосфераның, судың, топырақтың ластануы, өндірістік, химиялық, радиациялық және басқа факторлардың; жағымсыз әрекеттердің адам денсаулығына тигізетін әсері туралы зерттеу жұмыстарын жүргізіп, өздерінің ойларын ашып көрсете білді.

«Қолданбалы экология» номинациясында антропогендік әрекеттердің қоршаған ортаға әсер етуі және қоршаған ортаны жақсарту үшін практика жүзінде пайдалануға болатын жоба жұмыстарында оқушылар өздерінің жасаған тәжірибелерімен бөлісті.

«Флора экологиясы» номинациясында оқушылар өсімдіктерге түрлі факторлардың әсер етуі мен өсімдіктер әлемін қорғау мәселелері және атқарылуға тиіс іс-шаралар жайында айтып, өсімдіктерге жасаған экспременттік жұмыстарын ұсынды.

«Фауна экологиясы» номинациясында экологиялық факторлардың жануарларға әсер етуі, жануарлар әлемін қорғау, өңірде кездесетін жануарлар түрлеріне, оларды қолда ұстау, өсіру ерекшеліктеріне зерттеу жұмыстарын жүргізіп, тәжірибе жасаған.

«Энергия қуатын үнемдеу жолдары» номинациясында табиғи ресурстарға ұқыптылықпен қарау және электр қуатын үнемдеуді шешуге бағытталған әлеуметтік – маңызды жобалар ұсынылды. Жобада мектепте және үйде пайдаланатын энергияның тиімділігі мен үнемдеу нәтижесі көрсетілген.








bottom of page