top of page

Айбын-2025

Шымкент қаласы Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен “Айбын-2025” ХІ Халықаралық әскери - патриоттық жасөспірімдер жиынының Шымкент қалалық іріктеу кезеңі бастау алды. Білім басқармасына қарасты мекемелердің әскери - патриоттық клубтар арасында қалалық кезеңге іріктеу ауданаралық байқауы өз мәресіне жетті.Жалпы қалалық кезеңге 12 әскери - патриоттық команда жолдама алып, ағымдағы жылдың 08-10 сәуір арасында Республикалық кезеңге өтуге өзара сайысқа түседі.

Сайыс барысы төмендегідей:

- Белтемірге тартылу

- Арқаға жатып денені көтеру

- Әскерилендірілген эстафета

- Әскерилендірілген кросс

- Қаруды толықтай емес бөлшектеу және жинақтау

- Пневматикалық қарудан ату

- Айбын дарыны

- Арқан тарту бөлімдерінен бақ сынасты.

Осы жылы “Айбын-2025” Халықаралық әскери - патриоттық жасөспірімдер жиыны Ақтөбе қаласы Әуе-Қорғанысы институтында “Ұлы жеңістің - 80 жылдығы” және Әлия Молдағұлованың 100 - жылдығына арналған 12 мемлекеттің қатысуымен ұйымдастырылуда.

Мақсаты: ҚР ҚК имиджін көтеру және патриотизмнің маңыздылығы мен қаһарман жауынгерлердің тарихын кеңінен насихаттауға арналған.



Комментарии


Байланысымыз:

 

Қазақстан, Астана қаласы, Туран көшесі 55Б

Қабылдау бөлімі: 8 (7172) 57-41-60

Ақпараттық-аналитикалық бөлімі: 8 (7172) 57-41-17

Туризм, экология және техника бөлімі: 8 (7172) 57-41-52

Балалар мен жасөспірімдер қозғалысын үйлестіру бөлімі: 8 (7172) 57-41-57

Музыкалық, көркем-эстетикалық шығармашылық бөлімі: 8 (7172) 57-41-53

Бухгалтерия: 8 (7172) 57-41-48

 

E-mail: rumcdo12@mail.ru

 

© РҚББОӘО ОАМ

bottom of page