Қызылорда облысы білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы: 2018 жылдың 23 наурызында Астана қаласындағы Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар Сарайының базасында Ұлттық Дельфий Комитетінің ұйымдастыруымен өткізілген «Астана жас толқыны» халықаралық балалар мен жастар шығармашылығы байқауына Қорқыт Ата атындағы Қазалы аудандық балалар музыка мектебінің "Мелодинка" баянистер ансамблі (жетекшісі Д.Келжанов) "Ансамбль" номинациясы бойынша 12-15 жас аралығындағы өнерпаздарды қатыстырып, үшінші орын және "баян" номинациясы бойынша жеке орындауда 12-15 жас аралығындағы өнерпаздарынан баян класының 6-сынып оқушысы Мылтықбай Ербол (жетекшісі Т.Маханбетжанов) бірінші орын иеленді.
"Дәстүрлі ән" номинациясы бойынша 8-11 жас аралығындағы өнерпаздардан терме класының 1-сынып оқушысы Мылтықбай Балауса екінші орын, 12-15 жас арылығындағы өнерпаздардан терме класының 5-сынып оқушысы Өтеп Батырбек (жетекшісі С.Бисембаева) екінші орын иеленді,- деп хабарлайды.
Биік тұғырдан көрінген жеңімпаздарды құттықтаймыз!