022 жылы 4 ақпан күні «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы республикалық «Ұшқыр ой алаңы» дебат турнирінің қалалық кезеңін Zoom платформасында онлайн форматта өткізді.
Қалалық кезеңге Алматы қаласы білім беру мекемелерінен 96 оқушы, 48 фракция қатысты. Қазақ тілді лигада – 48 қатысушы, 24 фракция, орыс тілді лигада – 48 қатысушы, 24 фракция ойын көрсетті.
Пікірсайыс турниріне қатысушылар 4 іріктеу кезеңі және ширек финал, жартылай финалдан өтіп финалда ең үздік фракциялар ойын көрсетті.
Турнир қорытындысы бойынша төрешілер жеңімпаздар анықтады: Қазақ тілді лигалар арасында:
І орын – физика-математика бағытындағы НЗМ «NIS kzteam» фракциясы, Нөкен Рахима, Ақсұңқар Сәмитбекқызы 10 сынып оқушылары, Медеу ауданы.
ІІ орын – «Мұзбалақ» фракциясы, Нүсіпбек Тоғжан, Сауданбек Ескендір – 9 сынып №140 гимназия Бостандық ауданы.
ІІІ орын – «Саналы ұрпақ» фракциясы, Нұрболат Томирис, Балтабай Асел - 10 сынып, №202 МГ Әуезов ауданы.
«Үздік талпыныс» номинациясы бойынша «Талқ-Like», Өмірбекова Амина, Нүсіпжан Тоғжан – 9-10 сынып, №180 ЖББМ, Алатау ауданы.
«Үздік аналитик» номинация – «Дарабоз» фракциясы, Аймагамбетов Алан, 10 сынып, №39 маманд.лицей Алмалы ауданы.
«Үздік оратор» номинация – «Талқ-Like», Өмірбекова Амина, 10 сынып, №180 ЖББМ, Алатау ауданы.
«Үздік креатив» номинация – «Жасын», Шоқан Досжан, 10 сынып, №110 МГ, Жетісу ауданы.
Орыс тілді лигалар арасында;
І орын – «NIS ruteam» фракция, Раилова Мадина – 11 сынып, Абишева Дана - 10 сынып, физика-математика бағытындағы НЗМ Медеу ауданы.
ІІ орын - «Россенант» фракциясы, Волков Дмитрий – 10 сынып, Кошкарбаев Аян – 10 сынып, №94 МГ, Бостандық ауданы.
ІІІ орын - «Alaś» фракциясы, Амирханов Диас – 10 сынып, Турдалиев Нуржан - 11 сынып, №96 ЖББМ, Алмалы ауданы.
«Үздік талпыныс» номинациясы бойынша – «Фемида» фракциясы, Айдарханова Анеля - 9 сынып, Абдыкалык Нуртуган – 9 сынып, №50 ЖББМ, Түрксіб ауданы.
«Үздік аналитик» номинациясы – «Ораторы» фракциясы, Солдатова Дарья, 11 сынып, №20 ЖББМ, Түрксіб ауданы.
«Үздік оратор» номинациясы –- «Ирбис» фракциясы, Мұратқызы Сұңғула, 10 сынып,№110 МГ, Жетісу ауданы.
«Үздік креатив» номинациясы – «Местные демократы», Серик Абулхаир, 9 сынып, М. Ганди атындағы №92 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі, Бостандық ауданы.
Ойынның финалында жеңімпаз атанған жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған үздіктер республикалық «Ұшқыр ой алаңы» пікірсайыс турнирінде Алматы қаласының намысын қорғайтын болады.
Comments