top of page

Республикалық "Ұшқыр ой алаңы" дебат турнирінің мектепшілік кезеңі


ree

№107 орта мектебінде 2021 жылғы 18 ақпан күні Республикалық "Ұшқыр ой алаңы" дебат турнирінің мектепшілік кезеңі өткізілді.

Дебат ойындары — сөзді «қиыннан қиыстыратын» тіл жүйріктерінің идеялар шайқасы. Кез келген тақырыпта өз ойларын еркін жеткізіп, қоғамда болып жатқан түйіткілді мәселелердің шешімін табуға талпынатын белсенді жастардың қауымы.

Пікірсайыс 8-9 сынып оқушылары арасындағы клуб мүшелерінен құралған мықты фракциялар мен сөздің қасиетін шебер меңгерген пікірсайысшыларды бір жерге тоғыстырып, үздік спикерлерді анықтау мақсатында ұйымдастырылды.

Іріктеу кезеңі мен финалдық ойындар Америкалық Парламенттік пікір-сайыс форматында(АПФ) ойнатылды.

Фракцияларды таңдау жеребе тарту арқылы анықталды.

Қатысушылар сайыс барысында

«Б.П Пән сабақтарын ағылшын тілінде өткізу тиімді ме?» деген тақырыпты талқылап, көзқарастарын ортаға салды.

Нәтижесінде:

орын "Фаворит" фракциясы

орын "Галактика" фракциясы

орын "Алғырлар" фракциясы иеленіп, марапатталды.

Комментарии


Байланысымыз:

 

Қазақстан, Астана қаласы, Туран көшесі 55Б

Қабылдау бөлімі: 8 (7172) 57-41-49

Ақпараттық-аналитикалық бөлімі: 8 (7172) 57-41-60

Туризм, экология және техника бөлімі: 8 (7172) 57-41-52

Балалар мен жасөспірімдер қозғалысын үйлестіру бөлімі: 8 (7172) 57-41-57

Музыкалық, көркем-эстетикалық шығармашылық бөлімі: 8 (7172) 57-41-53

Қосымша білім беру және балалардың әл-ауқаты бойынша ғылыми-зерттеу зертханасы: 8 (7172) 57-41-17

Бухгалтерия: 8 (7172) 57-41-48

 

E-mail: rumcdo12@mail.ru

 

© РҚББОӘО ОАМ

bottom of page