top of page

Дебат бойынша жолсілтеме

2021 жылғы 8 сәуірде ҚР БҒМ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары және Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған «Дебат бойынша жолсілтеме» тақырыбында вебинар өткізілді. Вебинар барысында ҚР БҒМ РҚБОӘО Қазақстан Республикасының дебаттық қозғалысын дамыту жөніндегі жобалық кеңсенің сарапшысы Нүркен Дәулет Қайратұлы балаларды оқыту әдістері, аргументтерді қолдану туралы айтып, пікірталастың үш принципіне тоқталды: бірінші принцип: құрмет қажет; екінші принцип: адалдық міндетті; үшінші принцип: жеңілгендер жоқ.




bottom of page