top of page

«Ұлт көшбасшысы және тәуелсіздік» атты квест-іздеу ойыны»

2019 жылдың 21 маусымында М. Жұмабаев атындағы АОӘҒК-ның «Шамшырақ» балалар коворкинг орталығының ұйымдастыруымен Көкшетау қаласының №2 мектеп-лицейінің жазғы маусым лагерінің оқушыларымен «Ұлт Көшбасшысы және Тәуелсіздік» атты квест-іздеу ойыны өткізілді. Ойынға қатысушылар «Қызғалдақ» және «Бәйшешек» атты екі топқа бөлініп, әр кезең бойынша тапсырмаларды орындады. Әлем мемлекеттерінің туы бар сиқырлы бөлмелерде, кітапхана қызметкерлері және «Шамшырақ» балалар коворкинг орталығының меңгерушісі Эльвира Сайфуллақызы мен Көпшілік іс-шаралар және қоғаммен байланыс бөлімінің қызметкері Оралбек Есімұлы балаларға қызықты тапсырмаларды жасырды. Тапсырмаларды дұрыс әрі жылдам орындаған топ, екінші кезеңге өту мүмкіндігін алады. Аса қызығушылықпен қатысқан «Қызғалдақ» тобы квест-іздеу ойынының жеңімпазы деп танылып, І орынды жеңіп алды. ІІ орынды «Бәйшешек» тобы иеленді. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, өзінің алғырлығымен қатар, шапшандығын көрсеткен Тәуекел Аяжан «Ең үздік ойыншы» номинациясымен марапатталды. Квест-іздеу ойыны балаларға өте ұнады, олар аса қызығушылықпен ойындарға қатысты. Осы күні тағы №6 орта мектеп-лицейінің жазғы маусым лагерінің оқушыларына кітапхана бойынша экскурсия өткізілді. Оқушылар кітапхананың әрбір бөлімімен танысып, қандай қызмет атқаратындықтарымен танысып шықты. Кітапханашылар өз бөлімдерімен таныстырып, жас бүлдіршіндердің сұрақтарына жауап берді. «Шамшырақ» балалар коворкинг орталығы әрдайым балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлауға дайын. Сапалы қызмет көрсете отырып, оқырмандарға барлық жағдай жасайды. Алдағы уақытта да көптеген қызықты, әрі танымды іс-шаралар балаларды күтіп тұр.

bottom of page