«Табиғат әлемі балалар көзімен» атты суреттер конкурсы
- Rumsdo rumsdo
- 22 нояб. 2018 г.
- 1 мин. чтения
20 қараша күні Атырау қаласының жас натуралистер стансасының қосымша білім беру педагогы, "Табиғат және фантазия" үйірмесінің жетекшісі Қанатова Лаура Төлеуқызының ұйымдастыруымен «Табиғат әлемі балалар көзімен» атты суреттер конкурсы №34 көпсалалы мектеп- гимназия базасында өткізілді. Аталған байқауға қолөнер мен сурет салуға қабілетті, шығармашылықпен айналысатын дарынды оқушылар қатынасты. Оқушылардың салған ең үздік туындылары іріктелінді. Байқау 4 бөлімнен тұрды: 1."Табиғат әлемі балалар көзімен" атты балалар көркем суреттері; 2."Табиғат тынысы" тақырыбындағы фотосуреттер; 3. Табиғи материалдардан және қалдық заттардан жасалған "Табиғат формаларының пластикасы" атты бұйымдар; 4."Табиғат айнасы" атты панно немесе аппликациялар. Байқаудың мақсаты табиғатты қорғау жұмыстарын одан әрі күшейтіп, қоршаған ортаны сол қалпында сақтап қалу, жаңа өмір ағымына сәйкес экологиялық білімнің түпкілікті қалыптасуына жағдай жасау және табиғи заттардан қолөнер бұйымдарын жасау арқылы оқушыларды шығармашылық өнерге және жастарымызды сурет өнеріне баулу мақсатында жүргізілген іс-шара болды. Байқау соңында жеңімпаздар алғыс хаттармен және дипломдармен марапатталды.


Comments