"Іле аудандық ішкі саясат бөлімі" ММ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне орай іс-шаралар топтамасы» жобасының «Туған жер, менің отаным, менің тәуелсіздігім» атты тақырыпта сурет конкурсы өткізіледі.
БАЙҚАУ ҚАТЫСУШЫЛАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР • ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесі тақырыбына сурет салу; • А3 фарматындағы кенепке сурет салу; • Суретші өз туындысынның салу кезенің видеоға түсіру қажет; • Байқауға 7-17 жас аралығындағы, Іле ауданының тұрғыны болып табылатын балалар қатыса алады. • Өтінім мен бейнероликті, суретті qazaqstan.jastary@gmail.com электрондық почтаға жолдау • Кез-келген техникада (аралас) және кез-келген материалдармен салынған суреттер. • Әрбір жұмыс артында төменгі оң жақ бұрышта қатысушының затбелгі-сипаттамамен қамтамасыз етілуі керек. Қатысушының аты-жөні; Қатысушының мекен-жайы; Қатысушының жасы; Мектеп нөмірі; Орындау техникасы; Шығарма авторының байланыс деректері. • Байқауға қатысу ақысыз.
Байқауға ұжымдық жұмыстар қабылданбайды! Бір қатысушыдан қабылданатын материал саны 1 данадан артық болмауы қажет; Байқауға сапасыз, талапқа сай келмейтін фотоматериал қатыстырылмайды; Ғаламтор желісінен алынған және жеке авторлардың фотосуреттерін қолдануға тыйым салынады;
• Бағалау критерилері -жіберілген материалдар такырыпқа сай болуы, материалдардың сапасының жоғары болуы тиіс; • Идеясы, заманауилығы және креативтілігі болу тиіс.
Байқау женімпаздары арнайы дипломдармен және сыйлықтармен марапатталады. орын планшет орын акрил кескіндеме жиынтығы мен мольберт орын жас суретшінің жиынтығы
БАЙҚАУДЫҢ ӨТКІЗУ МЕРЗІМІ
1. Байқау жұмыстары 2021 жыл, тамыз айының 2 бастап, тамыз айының 15 аралығында қабылданады; 2. Байқауға материалдар электронды почтаға qazaqstan.jastary@gmail.com және желіде кабылданады; 3. Байқау қорытындысымен материалдар арнайы әлеуметтік желідегі парақшаларда жарияланатын болады.
Comentários