top of page

Техникалық шығармашылық орталығы«Алтын күз» байқауы


Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Сарысу ауданы білім бөлімінің Техникалық шығармашылық орталығында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 16.11.2021жылы «Алтын күз» байқауы өткізілді.

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және айқындау, бос уақыттарын пайдалы өткізуге баулу, сахналық шеберлік дағдыларын қалыптастыруды көздеген күзгі бал өз мақсатына жетті.

Байқау мына кезеңдермен өтті: «Таныстыру», «Өз өнерін көрсету», «Күз сыйы» көрме, «Күз ханшайымы», үй тапсырмасы бойынша жарысқан топтар оза шауып, бәсекеге құрылған, шығармашыл кеш сыйлай білді.

Алтын күз байқауында «Күз ханшайымы - 2021» жеңімпазы болып «Конструкциялық материалдарды өңдеу» үйірмесінің оқушысы Мырзахмет Жәнерке танылса, байқауда өз білімі мен біліктілігін, өнерлерімен киім үлгілерінің үйлесімділігін және топтық жұмыстарға белсене ат салысқандары үшін «Техникалық көркем еңбек», «Конструкциялық материалдарды өңдеу», «Grammar English» үйірмелерінің оқушылары алғыс хат және сыйлықтармен марапатталды.




Недавние посты

Смотреть все

Dastur cup ІІІ нәтижелері✅

▶️Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының "Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталық" және Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «ДӘСТҮР» ИПК ұйымдастыруымен 2024

Comentarios


bottom of page