top of page

"Кім жылдам?" спорттық сайысы



N2 Облыстық балалар оңалту орталығының педагог- дефектологы -Таширова Гүлжахан мен педагог-логопед Қалдыбек Айдана балаларға ойын алаңында қызықты "Кім жылдам?" спорттық сайысын өткізді. Мақсаты: Балалар ойын барысында өз бойларына белсенділік, сенімділік, қайсарлық пен ұйымшылдық секілді мінез-құлықтарды дарытады;

Балаларға салауатты өмір салтын ұстанып, денсаулығын нығайтуға үйрету;

Спорттық құралдар: доп, арқан, кедергілер, секірме жіп.

1-ойын: «Дұрыс тыныс алу.Әуе шары» Балаларға шар беріледі,шарды үрлеп,аспанға ұшырады.

2-ойын: «Суды төкпе» Тепе-теңдікті сақтап,құтыда тұрған суды, келесі құтыға тасу.

3-ойын: «Кедергілерден сүрінбей өту» Ірі моторикасын дамыту барысында ,тепе-теңдікті сақтап ,кедергілер арасында сүрінбей өтіп мәреге жеткізеді.

4-ойын: «Допты шапшаң бер» Әр топтың алдыңғы жағынан 6-8 м қашықтықтан шеңбер сызылады. Шеңберде топ басшысы допты ұстап тұрады. Жүргізушінің берген белгісі бойынша топ басшы өз жағының 1 - ойыншысына лақтырады да, өзі жүгіріп барып саптың соңына тұрады,1 - ойыншы қолына доп тиісімен шеңберге жүгіріп келіп, допты келесі ойыншыға лақтырады. Ойын осылайша ақырғы ойыншыға дейін жалғасады. Топ басшысы шеңберге қайта келгенде ойын аяқталады. Топ басшы шеңберге бұрын келген топ жеңіске жетеді.

5-ойын: Ұлттық ойын- «Арқан тартыс» Ойын шарты: екі топ арқан тартысады

Comentários


Байланысымыз:

 

Қазақстан, Астана қаласы,  Кенесары көшесі, 40.

БО " 7 континент" 15 қабат.

Қабылдау бөлімі (факс) - 8 (7172) 64-75-94.  

Ақпараттық-аналитикалық бөлімі - 8 (7172) 64-75-88.

Туризм, экология және техника бөлімі - 8 (7172) 64-75-89.

Балалар мен жасөспірімдер қозғалысын үйлестіру бөлімі - 8 (7172) 64-75-91.

Музыкалық, көркем-эстетикалық шығармашылық бөлімі - 8 (7172) 64-75-92.

Әлеуметтік-педагогикалық қызмет бөлімі - 8 (7172) 64-75-93.

Бухгалтерия - 8 (7172) 64-75-90.

 

E-mail: rumcdo12@mail.ru

 

© РҚББОӘО ОАМ 2023 ж.

bottom of page