top of page

Туризм нашақорлыққа қарсы

2019 жылдың 21 қараша күні Құрманғазы аудандық жас туристер бекетінің жылдық жоспарына сай "Туризм нашақорлыққа қарсы" ұранымен карта бойынша объектіні табу жарысы өткізілді. Осы жарысқа спорттық туризм бағыты бойынша аудан мектептерінен 12 команда қатысты. Олар Ломоносов,Абай, Әуезов, Бегалиев,Сәрсембаев, Алтынсарин, Ақкөл, Энгельс және Гагарин атындағы жалпы орта мектептері белсенділікпен қатысты.Әр команда құрамында екі ұл,екі қыздан тұратын оқушылар қатысты.Оқушылар ауа-райына қарамастан ұйымшылдық көрсетіп, тапсырманы орындау үшін бар куштерін салды.Жарыстың ережесі бойынша әр оқушы 10 жерде орналасқан объекті табу жоспарланған болатын. Бұл жарыста оқушылардың жеке жетістіктерімен бірге командалық жетістіктері бағаланды.

Жарысты қорытындылай келе алғыс хатпен Ақкөл, Ломоносов № 1,3, Сәрсембаев, Бегалиев № 1,2, Абай, Энгельс және Алтынсарин атындағы жалпы орта мектептері марапатталды. Жеке номинация бойынша ер балалар арасынан Абай атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Ауезов Диас бірінші орынды, екінші орынды Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Хабибулла Али , ал үшінші Ломоносов атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Алиев Ерсін жеңіп алды. Қыздар арасынан жеке сайыс бойынша Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Жексенғали Дильназ бірінші орынды, ал екінші мен үшінші Ломоносов атындағы жалпы орта мектебінің оқушылары Бахытбекқызы Асылай мен Елемесова Аружан ие болды. Осы жарыстың қорытындысы бойынша командалық есепте үшінші орынға Гагарин атындағы жалпы орта мектебі, екінші орынға Әуезов атындағы жалпы орта мектебі, ал бірінші орынға Ломоносов атындағы жалпы орта мектеп командасы қанжығасына байлады. Спорт нашақорлыққа қарсы ұранымен өткізілген жарысқа қатыстыруға мумкіншілік жасаған үйірме жетекшілеріне алғысымыз шексіз.

bottom of page