top of page

Бірыңғай экологиялық сағаты

2019 жылғы 3 қазан күні Павлодар қаласы «Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы» МҚКК негізінде Дүниежүзілік мекендеу орнын қорғау күніне орай республикалық экологиялық сағаты өтті.

Экологиялық сағаттың бірыңғай форматы келесі іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуді қарастырды: балалар бірлестіктеріндегі танымдық-дамытушылық сабақ, әйгілі тұлғалардың қатысуымен анимациялық ролик пен бейнеайналымды көрсету, экологиялық ботаникалық кешені аумағында жасыл желектер отырғызу.

Облыс әкімі Болат Жұмабекұлы Бакауовтың қатысуы біздің Орталығымыздағы шараның негізгі сәтіне айналды.

Болат Жұмабекұлы Бакауов экологиялық-ботаникалық кешені, «Жас эколог» музейі, туристік-машықтану соқпағына барып, экологиялық сағаты барысында тәрбиеленушілермен өзара пікір алмасты. Аймақ басшысы балалармен әңгіме барысында: «Егер әрқайсыларыңыз кіші жасыңыздан бастап жасыл желектер отырғызып, оларға күтім жасай білсеңіздер, біздің еліміз көкжелекті, көрікті және бай болмақ» - деп, осындай шараларды өткізудің маңыздылығына назар аудартты.

Болат Жұмабекұлы Орталықтың жұмысына жағымды баға беріп, экологиялық білім және тәрбиемен қамтылған оқушылардың құрамын кеңейтуге мүмкіндік беретін Павлодар қаласында тағы бір экологиялық орталықтың ашылуы бойынша тапсырмасын берді.

bottom of page