top of page

Сардар-2019

"Сардар" олимпиадасы Қазақстанның әскери оқу орындарына түсетін үздік үміткерлерді анықтайды.

Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан республикалық "Жас ұлан" мектебінде 17-19 сәуір аралығында YI республикалық «Сардар» кешенді олимпиадасы өтті . Олимпиадаға республикалық "ЖАС ҰЛАН" мектептері, облыстық әскери мектептер мен еліміздің жалпы білім беру мекемелері түліктері қатысты. Олимпиада еліміздегі азаматтық және әскери мектеп түлектерінің жеке дамуына, еліміздегі әскери қызмет пен Қарулы Күштердің абыройын арттыруға ықпал етеді. Оның аясында жастардың Қазақстандық жоғары әскери оқу орындарына түсуге даярлығы тексеріледі.

"САРДАР - 2019" олимпиадасы жастар жылына және әскери қайраткер, армия генералы, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстан Республикасының тұңғыш Қорғаныс министрі, "Халық қаһарманы" Сағадат Қожахметұлы Нұрмағанбетовке - 95 жыл, Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан республикалық "Жас ұлан" мектебіне - 20 жыл толу мерейі аясында өтті.

Қазақстанның барлық облыстарынан және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Қарағанды қалаларынан келген 60-тан аса жас өрендер екі күн бойы теориялық және практикалық білімдерін сынақта көрсетті. Алдымен физика, математика, қазақ (орыс) тілі және алғашқы әскери даярлық пәндері бойынша тестілеу тапсырмаларын орындауда түлектер ілім-білімін көрсетсе, дене және әскери-қолданбалы даярлықта мәрттіктерін байқатты. Оның ішінде 3 000 м, 100 метрге жүгіру және ішті қатайту, жеке саптық даярлық, АК-74 автоматын бөлшектеу және құрастыру бойынша сынақтар тапсырды.

YI Республикалық «Сардар» кешенді олимпиадасына Шымкент Республикалық "Жас ұлан" мектеп түлектері ұлан Тургунбаев Н., ұлан Баратов Б., ұлан Ержанов Д. қатысты. Жүлделі байқауды сарапқа салып, олимпиада қорытындысында

II ОРЫНмен ТУРГУНБАЕВ НУРДАУЛЕТ; III ОРЫНмен БАРАТОВ БЕКЗАТ м а р а п а т т а л д ы.

Қ Ұ Т Т Ы Қ Т А Й М Ы З!👍

Қызметкер БАҚЫТГҮЛ МҮСІРҚҰЛҚЫЗЫ.

Кейбір мәліметтер төменде көрсетілген сілтемеден алынды.

https://www.inform.kz/kz/sardar-olimpiadasy-kazakstannyn-askeri-oku-oryndaryna-tusetin-uzdik-umitkerlerdi-anyktaydy_a2764671?fbclid=IwAR0lfmJh-AQ9uUgESpcPKaWI8m4DKOE69PWDJ0-cvYDSBt863tDQDbwJDls

bottom of page