top of page

АСТАНАДА СУРЕТТЕРІ БАР ҮЙ ПАЙДА БОЛДЫ

2018 жылғы 15 маусымда Астанада Urban Art Astana атты халықаралық көше өнерінің фестивалі басталды. Фестиваль қалаға қазақстандық және шетел суретшілерінің граффити түріндегі 8 ғаламат туындыларын сыйлады.

Арбатқа жалғасқан Мамбетов 5 көшесіндегі керемет өнер туындысы ерекше назарды қажет етеді. А.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайы жинағынан алынған қазақстандық өнер классиктерінің туындыларымен безендірілген үй ашық аспан астындағы галерея тәріздес. Бұл галереяда біздің танымал авторлар Әбілхан Қастеев, Тұрсын Абуов, Гульфайрус Исмаилова, Шаймардан Сариев, Ғани Баянов, Мария Лизогуб и Айша Галимбаева туындыларын көріп, рахатқа бөленуге болады.

bottom of page