top of page

Шексіз музыка аумағы

Павлодар қаласының Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебі оқушылары көктемгі каникулда «Территория музыки – без границ» ІХ халықаралық фестиваль-конкурсына қатысты. Конкурс наурыздың 25-27 аралығында 7-18 жастағы 400-денаса баланың қатысуымен Санкт-Петербург қаласында өтті. Мақсаты - Ресейдің түкпір-түкпірінен, жақын және алыс шетелдерден – осы мәдениетті жеткізетін ең талантты және жарқын орындаушылар мен қатысушыларды анықтау.

Фестивальге Өзбекстан, Башқұртстан, Сургут, Вологда, Мәскеу, Уфа, Реж, Новосібір, Стрижевск, Раменское, Санкт-Петербург қалаларының балалары қатысты.

9-17 жастағы 25 оқушы құрамындағы музыка мектебінің командасы конкурста лайықты өнер көрсетіп, кәсіби дайындық деңгейлерін көрсетті. Тыңдаушылар педагогикалық еңбектері мен орындаушылардың кәсібилігін бағалап қана қоймай, домбыраның сазды әуенін рахаттана тыңдауға мүмкіндік алды.

І орынды «Серпін» домбырашылар ансамблі иеленді, жетекшісі Гаухар Аргыновна Абжанова, жеке орындаушылар - Бакытова Айшат, Қаратай Нұрбол (педагогы Куаныш Мейрамович Ермекбаев), Хамит Ниязбек (педагогы Берик Кошанбаевич Ишанкулов), Солтангали Нуржан (педагогы Гаухар Аргыновна Абжанова), Зекен Думан (педагогы Кайшанов Нурлан Бакытович), Аубакиров Айдос (педагогы Берик Кошанбаевич Ишанкулов).

ІІ орынды домбырашылар ансамблі иеленді, жетекшісі Нурлан Бакытович Кайшанов, жеке орындаушылар - Самат Зарина, Жүсіпбек Жулдызай (педагогы Куаныш Мейрамович Ермекбаев), Женыс Сайя (педагогы Бауыржан Болсынгазиевич Кайырбеков), Зейноллаев Ерсултан (педагогы Нурлан Бакытович Кайшанов), Исамбаева Тамила (педагогы Гульмира Зетхановна Тезекбаева).

ІІІ орын алғандар Жумабай Диас (педагогы Куаныш Мейрамович Ермекбаев), Борамбай Әйгерім (педагогы Нурлан Бакытович Кайшанов), Сейтказина Аружан (педагогы Людмила Дмитриевна Романова), Сактасынова Арай (педагогы Куаныш Мейрамович Ермекбаев).

bottom of page