top of page

«ӨНЕР ФЕСТИВАЛІ 2023»

2023жылдың сәуір айының 24 күні Қазығұрт ауданының мәдениет сарайында «Жаңа Қазақстан. Күшіміз бірлікте» атты шығармашылық өнер фестивалі аудан көлеміндегі барлық жалпы орта негізгі орта білім беретін мектептерде аймақтық кезеңі өткізіліп, іріктеу кезеңінен өткен жас өнерпаздар арасында аудандық іріктеу кезеңі өтті.

Жас оқушы өнерпаздарымыз тек өнерлерін көрсетіп қана қоймай өз шығармашылықтары бойынша әр мектеп жасалған бұйымдарын көрме арқылы көрсетті. Фестивальдың ережесіне сәйкес «Хор ұжымы», «Театр, сатира—юмор, көркем сөз ұжымы», «Бишілер ұжымы», «ВИА және эстрада жеке орындаушылар», «Халық аспаптар ұжымы»,« Сазгерлер мен шығармашылық ұжымдар»,«Көрме және қолөнер бұйымдар бұйымдары» жанрлары бойынша өнерлері ұсынылды.

Аталған фестивалге ұйымдастыру алқасының құрамы облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығының директоры Ешенқұлов Бақытжан Қабайұлы, М.Ауезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университетінің музыкалық білім кафедрасының аға оқытушысы Ағабекова Салтанат Сәбитқызы, облыстық әдістемелік орталық көркемдік-эстетикалық кафедрасының бас маманы Арқатаев Нұғман Сманұлы болып, өнерпаздардың өнерлерін көріп бағасын берді.

Әділ қазылар алқасы «Жаңа Қазақстан. Күшіміз бірлікте» атты шығармашылық өнер фестивалінде өнер көрсеткен оқушыларға алдағы уақытта да шығармашылық табыс тілеп, сондай-ақ «Қазығұртқа барсаң өнерлімін деме» дегендей облыста жүлделі орындар алуға тілектестігін жеткізді.

Қазығұрт ауданы білім бөлімінің баспасөз қызметі



bottom of page