top of page

ӘЛЕУМЕТТІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ТӘЖІРБИЕСІНДЕГІ ЗАМАНАУИ ПЕ


Мақаланың толық нұсқасымен "Қосымша білім жəне тəрбиет" №1 2021 ж. журналда төмендегі сілтеме арқылы танысуға болады: https://www.ziyatker.org/zhurnalkosymshabilim

Шынатай Нұргүл, Павлодар облысы, Ақсу қаласының Балалар өнер мектебі филиалы, педагог-ұйымдастырушы

Қазақстан Республикасы өзінің тəуелсіз мемлекет екендігін бүкіл əлемге дəлелдеді. Ендігі басты міндет – осы мемлекеттің өркендеп өсуі, халықтың əлеуметтік, экономикалық жағынан кемелденуі болып табылады. Мемлекеттің əлеуметтік, экономикалық өсіпөркендеуінің түпқазығы – білім мен ғылым екені даусыз. Еліміздің болашақтағы дамуы, өсіп-өркендеуі, əлемдік кеңістіктегі орны білімнің бағыт-бағдарына, оның тиімділігіне байланысты болмақ. Қазақстанның əлемдегі бəсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы бүкіл ұлттың, елдің барлық атқару органдарының басты идеясына айланысуы тиіс екендігін Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ə. Назарбаев атап көрсетті. Бұл білім саласына, соның ішінде білім саласының мамандарын дайындауға үлкен жауапкершілік жүктейтіні түсінікті. Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің реформалануы коғамның демократикалық бағытта дамуына бет алғанын айқындайды. Осыған орай, білімге деген көзқарас түбегейлі өзгеріп, оқытудың жаңа түрлері, жаңа бағыттағы мектептер пайда болып, білім мазмұнының толығыменжаңаруына алып келді. Күн тəртібінде қойылып отырған күрделі мəселелердің ішінде жас ұрпаққа білім беруді əлемдік деңгейгежеткізу үлкен орын алады. Сондай қоғамдағы түрлі бағыттағы өзгерістердің бірі – 12 жыл оқыту моделі. Жаңа білім парадигмасы балаға оқу қызметінің субъектісі ретінде қарап, шығармашылық қызығушылықтары негізінде білімге құндылық бағдарын қалыптастыра отырып, танымдық жəне рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруды жəне жан-жақты дамыған, шығармашыл жеке тұлғасын қалыптастыруды көздейді. 12 жылдық жалпы орта білім берудің мақсаты – алған білімдерінің негізінде еркін баяндалатын, өзін таныта, дамыта білетін, қазіргі заманға бейімделіп, өз бетінше дұрыс шешім қабылдай алатын тұлғаны қалыптастыру. #Қосымша_білім_педагогтарының_тәжірибесі #Қосымша_білім #Опыт_педагогов_ДО #Опыт_педагогов_дополнительного_образования

bottom of page