top of page

«Әкем, анам және мен – туристік отбасы» атты жарыс



«Құрманғазы ауданы білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес және Құрманғазы аудандық жас туристер бекетінің ұйымдастырылуымен «Отбасы тәрбие басы, мектеп тәрбие жаршысы» тақырыбындағы отбасы және ата-аналар айлығы аясында және 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне 2022 жылдың 25 сәуір күні «Әкем, анам және мен – туристік отбасы» атты аудан мектептерінің арасында отбасылық жарыс өтті. Жарысқа Ломоносов, Оңғарсынова, Мүсірепов, Алтынсарин, Қиғаш, Панфилов, Нұржау, Сарсенбаев, Қадыр Мырза Әлі, Ақкөл жалпы орта мектептерінен 11 команда қатысып, төмендегідей нәтижелерді көрсетті:

І-ші орынды Панфилов атындағы жалпы орта мектебінің Ғадылбековтар отбасы,

ІІ-ші орынды Ақкөл жалпы орта мектебінің Джаменовтар отбасы,

ІІІ-ші орынды Ақкөл жалпы орта мектебінің Қаспановтар отбасы иеленді. Жарыстан тыс «Үздік аспазшы» номинациясы бойынша

І-ші орынды Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің Ерғалиевтар отбасы,

ІІ-ші орынды Ломоносов атындағы жалпы орта мектебінің Мурзагалиевтар отбасы,

ІІІ-ші орынды Қиғаш жалпы орта мектебінің Утаровтар отбасылары қол жеткізді. Жарыстың жеңімпаздары Құрманғазы аудандық жас туристер бекетінің алғыс хаттарымен, дипломдарымен, медальдарымен, кубоктарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жарысымызға қолдау көрсетіп, демеушілік танытқан ауданымызға танымал жеке кәсіпкерлер Алма Жугунисоваға, Тлек Ароновқа, Ерлан Нурбаевқа, Еркебулан Темиралиевке, Тұрарбек Бохановқа, Асылбек Едильбаевқа мекеме атынан алғысымызды білдіреміз.

bottom of page