top of page

«Әдістемелік вернисаж» республикалық байқауының жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймыз! 💐

Құрметті әріптестер, қадірлі педагогтер!


Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» «Әдістемелік вернисаж» республикалық байқауының жеңімпаздарын шын жүректен құттықтайды! 💐


Сіздердің педагогикалық шеберлікті арттыруға және шығармашылық көзқарасты дамытуға қосқан зор үлестеріңізге алғыс білдіреміз!


✨ Жеңімпаз педагогтерді өздерінің әдістемелік материалдарын республикалық журналдарда жариялауға шақырамыз:

📘 «Темірқазық»

🌿 «Экоәлем»

🎓 «Қосымша білім және тәрбие»


Бұл — өз тәжірибеңізді республика деңгейінде танытып, үздік педагогикалық идеяларыңызбен бөлісуге және әріптестеріңізге шабыт сыйлауға тамаша мүмкіндік! 🌟


📝 Аталған журналдар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің

2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрығымен бекітілген «Педагог қызметкерлерді аттестаттауды өткізу қағидалары мен шарттарына» сәйкес аттестаттау кезінде ескерілетін басылымдар тізіміне енгізілген.


📄 Жеңімпаздардың тізімімен, сондай-ақ жариялау талаптары мен тәртібімен РҚББОӘО-ның ресми сайтында таныса аласыздар.


✉️ Мақалалар 2025 жылғы 15 қарашаға дейін nt_ekotur@mail.ru электрондық поштасына қабылданады.

Комментарии


Байланысымыз:

 

Қазақстан, Астана қаласы, Туран көшесі 55Б

Қабылдау бөлімі: 8 (7172) 57-41-60

Ақпараттық-аналитикалық бөлімі: 8 (7172) 57-41-17

Туризм, экология және техника бөлімі: 8 (7172) 57-41-52

Балалар мен жасөспірімдер қозғалысын үйлестіру бөлімі: 8 (7172) 57-41-57

Музыкалық, көркем-эстетикалық шығармашылық бөлімі: 8 (7172) 57-41-53

Бухгалтерия: 8 (7172) 57-41-48

 

E-mail: rumcdo12@mail.ru

 

© РҚББОӘО ОАМ

bottom of page