top of page

"Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам” атты Қазақстан халқына жолдауы

8 қыркүйек күні өткен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам” атты Қазақстан халқына жолдауы кезінде елімізде балаларға қосымша білім беруді жетілдіру қажеттігін атап өтті.


Президент мектептерде цифрлық технологияларды кеңінен енгізуді тапсырды:


«Цифрлық технологиялар жаһандық еңбек нарығын қарқынды өзгертіп жатыр. Әлемде жасанды интеллектті меңгерген мамандарға сұраныс артып келеді.

Сондықтан менің тапсырмам бойынша 100 мыңға дейін студентті жоғары технологиялық жобаларға тартуды көздейтін Al-Sana бағдарламасы іске қосылды.

Алайда жасанды интеллект саласындағы құзыреттерді қалыптастыру әлдеқайда ертерек – мектеп қабырғасынан басталуы тиіс. Осыған байланысты бірқатар бастамаларды жүзеге асыру қажет. Ең алдымен, мектеп оқушыларына жасанды интеллект негіздері бойынша бағдарлама мен оқу материалдарын дайындау керек. Сондай-ақ, педагогтардың жасанды интеллект технологиясын меңгеру дағдыларын қалыптастыру маңызды.


Қашықтан оқыту мен жасанды интеллект негізінде Qazaq Digital Mektebi шағын жинақты мектебінің моделін әзірлеу қажет. Бұл платформа ауыл оқушыларына сапалы оқу материалдарына қол жеткізуге мүмкіндік береді».


ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: «Білім экономикасына көшу жағдайында ғылымды, білімді және инновацияны басқаруды біріктіру маңызды»


«Ғылымға негізгі үлесті мемлекет қосып келеді, бірақ бюджет қаражаты есебінен алынатын жаңа патенттер, технологиялар мен өндірістердің қайтарымы әлі де жеткіліксіз.


Инновациялық саясатты Ғылым және жоғары білім министрлігінің қарамағына беру қажет. Бұл ведомство Ұлттық ғылым академиясымен бірлесіп ғылыми институттар мен жоғары оқу орындарының жұмысын белсенді үйлестіруі тиіс.

Жасанды интеллектке басымдық беретін университеттерге көбірек мүмкіндік ұсыну керек.


Үкімет те талантты зерттеушілерді қолдаудың қосымша шараларын қабылдауы тиіс. Білікті отандық мамандарды елге қайтарудың тиімді тетіктерін әзірлеп, енгізу қажет. Кадрлық қажеттілікті өтеу үшін көші-қон саясатын да қайта бейімдеу керек.


Еліміздің дамуына үлес қосуға қабілетті, ұлтына қарамастан шетелдік мықты мамандарды тарту маңызды. Олар Қазақстанда тұрақтап қалуы үшін жағдай жасау қажет, өйткені бізге ең алдымен техникалық мамандықтардағы шынайы шебер, білікті мамандар өте қажет.


Қазіргі заманғы тілмен айтқанда, бізге «сапалы адами капитал» керек, себебі білімді әрі жауапты азаматтар – ұлттық экономиканың негізі және Қазақстанның болашағы».

ree
ree
ree

Комментарии


Байланысымыз:

 

Қазақстан, Астана қаласы, Туран көшесі 55Б

Қабылдау бөлімі: 8 (7172) 57-41-60

Ақпараттық-аналитикалық бөлімі: 8 (7172) 57-41-17

Туризм, экология және техника бөлімі: 8 (7172) 57-41-52

Балалар мен жасөспірімдер қозғалысын үйлестіру бөлімі: 8 (7172) 57-41-57

Музыкалық, көркем-эстетикалық шығармашылық бөлімі: 8 (7172) 57-41-53

Бухгалтерия: 8 (7172) 57-41-48

 

E-mail: rumcdo12@mail.ru

 

© РҚББОӘО ОАМ

bottom of page