«Үздік тәрбиеші» республикалық байқауы
- Rumsdo rumsdo

- 26 авг.
- 1 мин. чтения
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы 2025 жылдың 8 шілде мен 25 тамыз аралығында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, жатақхана, интернаттық және арнайы ұйымдардың тәрбиешілері арасында «Үздік тәрбиеші» республикалық байқауын қашықтық форматта ұйымдастырды.
Байқаудың мақсаты – тәрбиешілердің шығармашылығы мен кәсіби шеберлігін насихаттау, үздік тәжірибені анықтап, тарату.
Барлығы 27 жұмыс қабылданып, оларды қазылар алқасы бағалады.
Қазылар шешімі бойынша 3 жеңімпаз анықталды. Жүлделі орын алған қатысушыларға дипломдар, ал қатысқан барлық жанға сертификаттар табысталды.
Байқау нәтижесін www.ziyatker.org. сайтынан көре аласыздар.
Бұл байқау – қоғам назарын тәрбиешілер еңбегіне аударып, балаларды тәрбиелеудегі маңызды рөлін айқындады.




Комментарии