«Үздік кейс» республикалық байқауы жоғары деңгейде өтті!
- Rumsdo rumsdo

- 9 сент.
- 1 мин. чтения
Бұл байқау пікірсайыс форматында ұйымдастырылып, қатысушылар үкімет пен оппозиция рөлінде өз ұстанымдарын қорғады.
Жас өрендер сыни ойлау қабілеттерін дамытып қана қоймай, көпшілік алдында еркін сөйлеуді, аргументтеуді және креативті ойлауды меңгерді.
Байқау нәтижесінде үздік қатысушыларға республикалық деңгейдегі дипломдар мен сертификаттар табысталды.
Қатысушылар қатарында еліміздің жалпы орта білім беру ұйымдары мен колледждерінің 11–14 және 15–17 жас аралығындағы оқушылары болды.
Айта кетейік, байқау «Ұстаз» платформасының ресми іс-шаралар тізіміне енгізілген.
«Үздік кейс» – білімді, ойлы әрі көшбасшы жастарды қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болды!




Комментарии