top of page

Қыс суретшінің көзімен

Облыстық М. Катаев ат. Оқушылар сарайының «Палитра» және «Сымбат» бейнелеу студиясының тәрбиеленушілері 2024 жылдың қаңтар айында Әбілхан Қастеевтің 120 жылдығына арналған «Қысқы қиял - 2024» XVIII облыстық балалар байқауына қатысты.

Шығармашылық сайысты Екібастұз қаласының Балалар көркемсурет мектебі ұйымдастырды. Байқау шарттары бойынша қатысушылар 6 жастан 16 жасқа дейін «Қыс суретшінің көзімен», «Ертегіге келген Дино» тақырыптарында жұмыстар ұсынды. Байқау қорытындысы бойынша «Палитра» изостудиясының 7 жасар тәрбиеленушісі Боранбаева Милана «Гуашь» техникасындағы «Қысқы пейзаж» жұмысы үшін III дәрежелі дипломант атанды. Қатысушыны «Палитра» студиясының жетекшісі Васелина Дмитриева дайындады. Сондай-ақ, «Сымбат» изостудиясының тәрбиеленушісі 8 жасар Аблхасан Іңкәр «Гуашь» техникасындағы «Қысқы ойын-сауық» жұмысы үшін III дәрежелі дипломант атанды. Қатысушыны «Палитра» изостудиясының жетекшісі Елена Каркавина дайындады.

Жас суретшілер бағалы сыйлықтарға ие болды, ал олардың жетекшілері алғыс хаттар алды.



Комментарии


Байланысымыз:

 

Қазақстан, Астана қаласы, Туран көшесі 55Б

Қабылдау бөлімі: 8 (7172) 57-41-60

Ақпараттық-аналитикалық бөлімі: 8 (7172) 57-41-17

Туризм, экология және техника бөлімі: 8 (7172) 57-41-52

Балалар мен жасөспірімдер қозғалысын үйлестіру бөлімі: 8 (7172) 57-41-57

Музыкалық, көркем-эстетикалық шығармашылық бөлімі: 8 (7172) 57-41-53

Бухгалтерия: 8 (7172) 57-41-48

 

E-mail: rumcdo12@mail.ru

 

© РҚББОӘО ОАМ

bottom of page