top of page

Қызылорда қаласында Республикалық «Үздік мектеп парламенті» байқауы өз мәресіне жетті!

2025 жылғы 23–24 қыркүйек күндері өткен байқауға еліміздің барлық өңірінен 15–17 жас аралығындағы 100-ге жуық жас көшбасшы қатысты. Олар шығармашылық таныстырылым, «Жылдың үздік жобасы» қорғау, «Шексіз идеялар» жағдайлық тапсырмалар байқауы және «Шығармашылық басқару» үй тапсырмасы бойынша бақ сынасты.


Ашылу салтанатында Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының директоры Гүлнар Абдрахманова құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар, байқау қызықты концерттік бағдарламаға ұласып, ерекше әсер сыйлады.


Екі күнге созылған дода барысында қатысушылар өз көшбасшылық қабілеттерін, шығармашылық ойлауын және командалық жұмыс дағдыларын көрсетті.

 Қорытындысында үздік деп танылған мектеп парламенттері дипломдар мен сыйлықтарға ие болды. Жетекшілерге алғыс хаттар табыс етілді, ал барлық қатысушыларға арнайы сертификаттар берілді.


Бұл байқау – оқушылардың өзін-өзі басқару жүйесін нығайтуға, жаңа идеяларды жүзеге асыруға және жас көшбасшылардың ел болашағы үшін белсенді болуына үлкен серпін берді.



Комментарии


Байланысымыз:

 

Қазақстан, Астана қаласы, Туран көшесі 55Б

Қабылдау бөлімі: 8 (7172) 57-41-60

Ақпараттық-аналитикалық бөлімі: 8 (7172) 57-41-17

Туризм, экология және техника бөлімі: 8 (7172) 57-41-52

Балалар мен жасөспірімдер қозғалысын үйлестіру бөлімі: 8 (7172) 57-41-57

Музыкалық, көркем-эстетикалық шығармашылық бөлімі: 8 (7172) 57-41-53

Бухгалтерия: 8 (7172) 57-41-48

 

E-mail: rumcdo12@mail.ru

 

© РҚББОӘО ОАМ

bottom of page