ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ПЕДАГОГТАРЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
- Rumsdo rumsdo
- 18 февр. 2024 г.
- 1 мин. чтения
❗Қызылорда облысы білім басқармасының сұрауы бойынша, "Қазақстан Республикасындағы дебат қозғалысы" жобалық кеңсесінің сарапшысы Нұркен Дәулет Қызылорда облысының педагогтеріне облыстағы дебат қозғалысының жұмысын дамыту және жетілдіру мақсатында әдістемелік және консультациялық көмек көрсетті. Қызылорда облысының өңірлік жұмыс жоспарына сәйкес, 15 ақпанда облыс әкімінің кубогына облыстық пікірсайыс турнирі өтті, турнирдің жабылу салтанатына Нұркен Дәулет қатысып, финалдық ойында төрешілік етті.
✔️Сондай-ақ, Нұркен Дәулет облыстың пікірсайыс клубтарының жетекшілерімен және жас пікірсайысшылармен кездесті. Кездесу аясында дүниежүзілік мектеп форматы, аргументация және төрешілік бойынша тренинг өткізілді.
Comments