top of page

Өзін-өзі басқару үйлестірушілерімен онлайн кездесу


ree

2021 жылғы 14 сәуірде ҚР БҒМ РҚБОӘО Қызылорда облысындағы аудандық өзін-өзі басқару үйлестірушілерімен және директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларымен онлайн кездесу өткізді.

Онлайн кездесуде ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің басқарма басшысы - Кошкарова Гульнаш Хамитовна мектептегі өзін-өзі басқару жұмысы, Мектеп парламенті - Президент, Фракция депутаттарының сайлауын ұйымдастыру туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Қызылорда қалалық білім бөлімінің тәрбие маманы - Ботанов Ерлан Тенизбаевич Қызылорда қаласындағы білім беру ұйымдарында мектеп Парламентін ұйымдастыру жұмысы туралы тоқталды. Қармақшы ауданы білім бөлімінің тәрбие маманы - Тоқшылықова Ақтолқын Камалбекқызы «Мектеп Парламенті – оқушыларды әлеуметтендірудің нысаны» тақырыбын ашты. Қазалы ауданы білім бөлімінің тәрбие маманы - Ерімбеков Қуаныш «Өзін-өзі басқару арқылы оқушылардың тұлғасын әлеуметтендіру» тақырыбы бойынша аудандағы жұмыстар туралы баяндады. Онлайн кездесу жоғары деңгейде өтті.


ree

Комментарии


Байланысымыз:

 

Қазақстан, Астана қаласы, Туран көшесі 55Б

Қабылдау бөлімі: 8 (7172) 57-41-60

Ақпараттық-аналитикалық бөлімі: 8 (7172) 57-41-17

Туризм, экология және техника бөлімі: 8 (7172) 57-41-52

Балалар мен жасөспірімдер қозғалысын үйлестіру бөлімі: 8 (7172) 57-41-57

Музыкалық, көркем-эстетикалық шығармашылық бөлімі: 8 (7172) 57-41-53

Бухгалтерия: 8 (7172) 57-41-48

 

E-mail: rumcdo12@mail.ru

 

© РҚББОӘО ОАМ

bottom of page