«Қосымша білім беру педагогінің кәсіби құзыреттілігі, жаңашылдығы және жұмыстың оң нәтижеге бағытталуы» республикалық үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысы
- Rumsdo rumsdo

- 16 нояб.
- 1 мин. чтения
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы әлеуметтік-педагогикалық бағыттағы ұйым басшыларының кеңейтілген республикалық үйлестіру кеңесін өткізеді.
Іс-шараға өңірлік атқарушы органдар, халықаралық ұйымдар өкілдері, білім беру саласының мамандары және еліміздің түкпір-түкпірінен 80-нен астам директорлар мен олардың орынбасарлары қатысады.
Кеңесте педагогтардың кәсіби дамуы, инновациялық тәжірибелерді енгізу, ұйымдардың жұмыс сапасын арттыру және қосымша білім беруді трансформациялау мәселелері талқыланады.
Отырыс қорытындысында қосымша білім беруді дамытуға бағытталған ұсынымдар қабылданатын болады.
18 қараша күні «Білім беру форматын трансформациялау: идеядан нәтижеге дейін» атты WORKSHOP-семинар ұйымдастырылады. 300-ден астам қатысушы білім беру жобаларын іске асырудың заманауи тәсілдерін қарастырады.
Толық ақпарат: www.ziyatker.org
Байланыс: 8 (7172) 57 41 57





Комментарии