top of page

Қарағанды кітапханасында Наурыз мерекесіне арналған кітап көрмесі ашылды

Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамы» атты кітап көрмесі өтті. Шара барысында оқырмандар наурыздың пайда болу және тойлану тарихымен таныса алады.

Көрмеге қазақ халқының ұлттық құндылықтары, салт-дәстүрлері туралы кітаптар қойылды. Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Мәңгілік ел», «Менің Қазақстаным» және «Қазақстан» энциклопедиялары басты назарда. Сондай-ақ экспозицияда «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарық көрген кітаптар да бар. Олар Қазақстанның тарихы, археологиясы, этнографиясы мен мәдениеті туралы баяндайды. «Мерейлі мекен», «Дәстүр», «Қазақ өркениеті», «Туған тіл», «Орталық Қазақстан» журналдары мен газеттеріндегі мақалаларды пайдаланылады. Көрмеде барлығы 40-тан астам кітаптар мен мерзімді басылымдар бар.



bottom of page