top of page

"Қазақстанды жасыл етейік!" флешмобы

22 сәуірде Халықаралық Жер күніне арналған іс-шаралар аясында жас натуралистер станциясының агробиологиялық учаскесі аумағында педагогтар, үйірме тәрбиеленушілері мен Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің студенттерінің қатысуымен флешмоб өтті.

Флешмобтың мақсаты: қоршаған ортаның жай-күйіне жауапты, табиғат байлықтарына ұқыпты қарайтын экологиялық сауатты, әлеуметтік белсенді оқушыны тәрбиелеу.

Педагогтар мен оқушылар қоршаған табиғатқа ұқыпты қарау туралы экологиялық ұрандармен сөз сөйледі, Оқушылар "Қазақстанды жасыл етейік!"стендісін және үлкен допты жер шары түрінде безендірілді. Дәстүр бойынша бұл күні ағаштар, бұталар отырғызу, аумақты көгалдандыру әдетке айналған. Үйірме мүшелері арнайы жер күніне орай тұқымдардан каталпа көшеттерін өсірді, олар станция аумағында және мектеп жанындағы учаскелерде отырғызылады. Жақын арада станция аумағында жеміс және қылқан жапырақты ағаштардың көшеттерін отырғызу жоспарлануда.




bottom of page