«Қазақстан балалары шексіз әлемде!» республикалық балалар кинофестивалі өтті.
- Rumsdo rumsdo

- 27 авг.
- 1 мин. чтения
2025 жылғы 5–21 тамыз аралығында қашықтық форматта «Қазақстан балалары шексіз әлемде!» республикалық балалар кинофестивалі өтті.
Мақсаты – балалар кинематографиясын қолдау, шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың өзін-өзі көрсетуіне жағдай жасау және тәрбиелік-мәдени құндылықтарды насихаттау.
Фестивальге облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалалық кезеңдерінің жеңімпаздары – жалпы және қосымша білім беру ұйымдарының 11–17 жас аралығындағы 140 білім алушы қатысты.
Өңірлік кезеңдерге 39 641 оқушы қатысқан.
Қазылар алқасы қорытындысы бойынша 7 номинацияда 21 жеңімпаз анықталды.
Фестиваль балалардың шығармашылық әлеуетін дамытып, жас кинематографистерді қолдауға бағытталды.




Комментарии