top of page

«Ғарыш алыс па?» танымдық іс-шарасы

2021 жылғы 2, 9, 16 ақпан күндері Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай Өскемен қаласындағы Оқушылар шығармашылық сарайында «Асыл қазына» танымдық жобасының аясында «Ғарыш алыс па?» танымдық іс-шарасы өткізілді.

Аталмыш іс шарада қасиетті қазақ елінің ғарышқа алғашқы жасалған қадамдары жайлы айтылды. Оқушыларға аспанды бағындырған ғарышкерлер мен Байқоңыр айлағы туралы мәлімет берілді.

Сабақ соңында танымдық викторина өткізіліп, ғарышта болған қызықты ақпараттар айтылды.

bottom of page