top of page

Шымкент қаласында Ustaz Cup ұлттық пікірсайыс турнирі өтті.

Бұл турнир Ұстаздар күніне орай, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының қолдауымен ұйымдастырылды.


Турнирге Қазақстанның барлық өңірінен мұғалімдер мен мектеп директорларынан құралған 20 команда қатысты.


Пікірсайыс барысында білім беру, патриоттық тәрбие, парламенттік реформа және мектептердегі жасанды интеллекттің рөлі сияқты өзекті тақырыптар талқыланды.


Бас жүлде – 500 000 тг Шымкент қаласынан келген «Байтұрсынұлы» командасына бұйырды.

Екінші орынды Ақмола облысының «Шың» командасы иеленді.

Үшінші орын Қызылорда және Түркістан облыстарының командаларына бұйырды.


Турнирді Ozgerteam қоры біздің орталықтың және М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің қолдауымен ұйымдастырды.


Бұл турнир мұғалімдер тәжірибе алмасып, пікірсайыс технологияларын дамытуға бағытталған маңызды алаңға айналды. Біз мектептегі пікірсайыс қозғалысының дамуына үлес қосқанымызды мақтан тұтамыз!

Комментарии


Байланысымыз:

 

Қазақстан, Астана қаласы, Туран көшесі 55Б

Қабылдау бөлімі: 8 (7172) 57-41-60

Ақпараттық-аналитикалық бөлімі: 8 (7172) 57-41-17

Туризм, экология және техника бөлімі: 8 (7172) 57-41-52

Балалар мен жасөспірімдер қозғалысын үйлестіру бөлімі: 8 (7172) 57-41-57

Музыкалық, көркем-эстетикалық шығармашылық бөлімі: 8 (7172) 57-41-53

Бухгалтерия: 8 (7172) 57-41-48

 

E-mail: rumcdo12@mail.ru

 

© РҚББОӘО ОАМ

bottom of page