top of page

«ТӨРТ ТОҚСАН-ТӨРТ ӨНЕР»


«ТӨРТ ТОҚСАН-ТӨРТ ӨНЕР» ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИ-АҒАРТУШЫЛДЫҚ ЖОБА аясында ұлттық рух пен патриотизмді, өз халқына және оның дәстүрлеріне құрмет сезімін тәрбиелеу, эмоционалды интеллекті қалыптастыру, айтыс, шешендік өнер қазақ халқының ұлттық құндылығы баға жетпес мұрасы ретінде дәріптеу мақсатында, Өнер мектебінің домбыра, вокал және дәстүрлі ән бөлімінің оқушылары Жұмағазы Жайық пен Әділжан Айбаршынның шығармаларындағы өлең жолдарын ұсынамыз. Мақсаты: оқушылардың ой-өрісін, шешендік, ақындық өнері туралы түсініктерін молайту, шыңдау, ойлау белсенділігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу, еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

ЖЫР ЖАЗАМЫН АБАЙДЫҢ ҮЛГІСІМЕН!

Жыр жазамын Абайдың үлгісімен!

Күллі әлемге әйгілі жырларымен.

Өлеңменен жеткізіп барша жұртқа

Арнаймын, жазамын жыр гүліммен.

Шақырып бар қазақты бір болуға,

Үлгі сөзін арнады бар жұртына.

Абай-ақын, Абай-жыршы, Абай-дана!

Ұлыларды ұлықтайы, әр заманда!

Әрбір сөзін, әр өлеңін Абайдың,

Тәрбиенің ордасы деп санаймын.

Оқимын да таңғаламын сөзіне

Жыр жазамын, мен де ақын боламын.

Өлең жазсам, көңілім тасып толдым,

Ұлы ақын Абайға ғашық болдым.

Бес нәрседен мен солай қашық болдым,

Бес нәрсеге жетуге асық болдым.

Кешегі өткен алты алаштың баласы,

Болашаққа Абай даңқын тіледі.

Өшпейтұғын артына із қалдырған,

Абай үні бізбен бірге келеді.

Б. МОМЫШҰЛЫНА АРНАУ

Жалынсыз ғой оттан да ыстық өртенген,

Отан үшін отқа түсіп күймеген.

Батырсыз ғой бұл фәниде бір туар,

Ел намысын таптатпаған өр кеудең.

Батыр ақын өмірінде сыры көп,

Жүрегінде елге деген мұңы көп.

Отан үшін жаныңды да сарп еттің

Соғыстағы жауынгердің бірі боп.

Ер еңбегің ел есінде мәңгілік,

Атың тұрар бар әлемде жаңғырып.

Ұлы Отан соғысының батыры,

Бауыржан боп сақтаулы заңдылық.

БАБАЛАРЫМ НЕ ДЕГЕН «АЛТЫН АДАМ»

Мен қазақтың баласы, дара туған,

Ен даланың төрінде жаратылған.

Күш дарытып әкемнің сөздерінен,

Қуат алдым бойыма Анашымнан!

Туғаннан бақытты өмір тарту маған,

Арнасам өлең жырым сарқылмаған,

Күндіз-түні ұрпақтың қамын жеген,

Бабаларым не деген «АЛТЫН АДАМ»

Тәуелсіз туған жерім-Қазақстан,

Көрмесем, аңсап келем, сені алыстан!

Өзіңді танытсам деп жер-жаhанға

Ұмтылған биіктерге мен – АРЫСТАН!

Қуқыл тартып құмда шөп күйресе де,

Солсақ та арасында шөлдесек те

Қайта өніп, көктейміз, бой көтеріп,

Біз бармыз! Біздер бармыз! Не десек те.

АЛТЫН БЕСІК-ОТАНЫМ

Отан десе, алып ұшар жүрегім,

Отанымды ата-анамдай сүйемін.

Әрқашан да мақтан етіп жүремін,

Қарыштай бер, Қазақстан-киелім!

Әл-ауқатың жаман емес бүгінде,

Мақтайыншы, Республика күнінде.

Қазақстан-Ұлттың жалғыз Отаны

Сөйлетші елді, мемлекеттің тілінде

Бар байлығым, бар бақытым-Отаным

Отаным деп, атады менің әр таңым.

Отаным деп, қуанамын әрқашан,

Отаным деп, қайғы мұңды тартамын!

Өлең авторы: Жұмағазы Жайық, домбыра бөлімінің 7 сынып оқушысы


Дереккөзі:https://bsh.kz/news/19281

bottom of page