top of page

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ЖЕТІСАЙ ҚАЛАСЫНЫҢ «НҰР СӘУЛЕ» КЛАССИКАЛЫҚ ЖЕКЕМЕНШІК ӨНЕР МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫЛАРЫ ЕСЕП БЕРУ КОНЦЕРТІН ӨТКІЗДІ

Түркістан облысының Жетісай қаласындағы «Нұр Сәуле» классикалық өнер мектебінің оқушылары көрермендерді керемет есеп беру кешімен тәнті етті.

Балалардың шығармашылық дағдыларын қалыптастыру мақсатында «Нұр Сәуле» өнер мектебі сегіз бағыт бойынша оқыту жүргізеді: скрипка, фортепиано, хор, домбыра, домбыра ансамблі, балет, ұлттық би және кескіндеме. Мұнда 6 жастан 17 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер білім алуда.

«Нұр Сәуле» өнер мектебінің білім алушылары түрлі шығармашылық іс-шараларға, фестивальдер мен конкурстарға белсенді қатысады. Мектеп, жыл сайын халық арасында танымал өнер туындыларын ұсынатын есептік шығармашылық кештер ұйымдастырады. Қазіргі таңда «Нұр Сәуле» өнер мектебі өз оқушыларының шығармашылық белсенділігін табысты қалыптастыруда.


bottom of page