top of page

«Театрдың ғажайып әлемі» республикалық театр өнері фестиваль-байқауы

  • 18 окт. 2025 г.
  • 1 мин. чтения

2025 жылдың 29 қыркүйегі мен 24 қазаны аралығында

Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы

қашықтан форматта «Театрдың ғажайып әлемі» республикалық фестиваль-байқауын өткізді.


Байқаудың мақсаты – балалар мен жасөспірімдердің театр шығармашылығын қолдау және дамыту, рухани-адамгершілік пен эстетикалық құндылықтарды қалыптастыру, тұлғаның үйлесімді дамуына және өзіндік қабілетін танытуына жағдай жасау.


Балалар театр ұжымдары музыкалық (опера, балет, мюзикл, данс-спектакль), драмалық және қуыршақ театрларының қойылымдарын, әдеби-музыкалық композицияларын ұсынды.


Жас актерлердің өнерін Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің аға оқытушылары, Шахмет Құсайынов атындағы қазақ музыкалық-драма театрының әртістері, Ж. Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжінің «Театр және кино актері» мамандығының оқытушылары бағалады.


Қорытынды бойынша:

 4 ұжым жеңімпаз атанды, сондай-ақ «Үздік жас актриса», «Үздік жас актер»,

«Үздік актерлік образды сомдау» және «Көркем сөз» номинациялары бойынша 4 жүлдегер анықталды.


Фестиваль балалардың театр өнеріне деген қызығушылығын арттырып, олардың шығармашылық әлеуетін ашты. Мұндай іс-шаралар ұжымдық өнерді дамытып, педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыруға және ұлттық, әлемдік мәдениетпен жақын танысуға зор мүмкіндік береді.


 Қорытынды нәтижелер 2025 жылғы 24 қазанда www.ziyatker.org сайтында жарияланады.


Комментарии


Байланысымыз:

 

Қазақстан, Астана қаласы, Туран көшесі 55Б

Қабылдау бөлімі: 8 (7172) 57-41-49

Ақпараттық-аналитикалық бөлімі: 8 (7172) 57-41-60

Туризм, экология және техника бөлімі: 8 (7172) 57-41-52

Балалар мен жасөспірімдер қозғалысын үйлестіру бөлімі: 8 (7172) 57-41-57

Музыкалық, көркем-эстетикалық шығармашылық бөлімі: 8 (7172) 57-41-53

Қосымша білім беру және балалардың әл-ауқаты бойынша ғылыми-зерттеу зертханасы: 8 (7172) 57-41-17

Бухгалтерия: 8 (7172) 57-41-48

 

E-mail: mprkrumcdo@gmail.com

 

© РҚББОӘО ОАМ

bottom of page