top of page

Талдықорған қаласының Оқушылар сарайыдағы Халықаралық отбасы күні


ree

2021 жылы 15- мамыр Халықаралық отбасы күніне орай Талдықорған қаласы Оқушылар сарайының ,,Дебаттық қозғалыс" үйірмесі жетекшісі Д.Валихановтың ұйымдастыруымен «Мәңгілік ел – мәңгілік отбасы» атты тақырыпта ата-аналар мен балалардың қатысуымен онлайн тәрбие сағаты кездесу өткізілді. Тәрбие сағатына Алматы облысы жастар ресурстық орталығының психолог мамандары С.Дурыскелдинова мен А.Құдайбергенова, Талдықорған қаласы Оқушылар сарайының Көпшілікпен жұмыс бөлімінің меңгерушісі М.Құлшанова қатысты.

Кездесу барысында бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігі, жанұядағы ата - ана және бала арасындағы қарым – қатынас, отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым - қатынасты қалыптастыру, үлкенді сыйлауға, сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу жайында айтылды.

Оқушылар достық, отбасы туралы ән, тақпақтарын айтып, ситуациялық сұрақтарға жауап берді. Ата-аналарға бала тәрбиесі жайында психолог мамандар тарапынан кеңестер берілді.

ree

Комментарии


Байланысымыз:

 

Қазақстан, Астана қаласы, Туран көшесі 55Б

Қабылдау бөлімі: 8 (7172) 57-41-49

Ақпараттық-аналитикалық бөлімі: 8 (7172) 57-41-60

Туризм, экология және техника бөлімі: 8 (7172) 57-41-52

Балалар мен жасөспірімдер қозғалысын үйлестіру бөлімі: 8 (7172) 57-41-57

Музыкалық, көркем-эстетикалық шығармашылық бөлімі: 8 (7172) 57-41-53

Қосымша білім беру және балалардың әл-ауқаты бойынша ғылыми-зерттеу зертханасы: 8 (7172) 57-41-17

Бухгалтерия: 8 (7172) 57-41-48

 

E-mail: rumcdo12@mail.ru

 

© РҚББОӘО ОАМ

bottom of page