top of page

«Табиғат – тіршіліктің тірегі» республикалық видеороликтер байқауының АҚПАРАТЫ

2023 жылдың 28 қазан күні Қалалық жас туристер стансасы Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтары Федерациясымен бірлесіп «Табиғат – тіршіліктің тірегі» республикалық видеороликтер байқауын ұйымдастырып өткізді.

Мақсаты: білім алушыларға экологиялық, эстетикалық тәрбие беру, саналы іс-әрекетті насихаттау және табиғатты тиімді пайдалану дағдыларын дамыту, қоршаған ортаға қамқорлық көрсетуді үйрету, жан-жақты дүниетанымын қалыптастыру, балалардың жеке басының үйлесімді экологиялық дамуына ықпал етіп, экологиялық мәдениетке тәрбиелеу.

Бұл байқауға республикамыздың 1-11 класс оқушыларынан 31 жұмыс қабылданды. Жалпы байқауға Қостанай, Ақтөбе облыстарынан оқушылар қатысты.

Видеороликтер байқауы екі номинация бойынша ұйымдастырылды. «Қалдық заттарды табысқа айналдырайық» лайфках номинациясында қолданылмайтын қалдық заттардан әр түрлі шығармашылық туындылар жасау барысында түсірілген бейнероликтер және «Мені қоршаған әлем» номинациясында туған өлкесіндегі қоршаған ортаның экологиялық мәселелері туралы үгіт-насихат қойылымы түсірілген видеолар қабылданды.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды.

«Қалдық заттарды табысқа айналдырайық» лайфках номинациясы бойынша:

І орын – Мирамгалиева А. Ақтөбе қаласы №31 ҚОМ, Сарсенова А. Ақтөбе қаласы Қалалық жас туристер стансасы.

ІІ орын – Саликова Р. Ақтөбе қаласы № 45 ОМ, Сериктесова Ж. Ақтөбе қаласы Балалар шығармашылығы үйі, Сағыналина А. Ақтөбе қаласы Қалалық жас туристер стансасы.

ІІІ орын – Абашева Е. Қостанай облысы Қарабалық ауданы, Алмир А. Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы № 2 аула клубы, Қойшыбаев Ш. Ақтөбе қаласы Д.Қонаев атындағы ОМ.

«Мені қоршаған әлем» номинациясы бойынша:

І орын – Айтқалиева А. Ақтөбе облысы Ойыл ауданы.

ІІ орын – Тукташева О. Қостанай облысы Қарабалық ауданы.

ІІІ орын – Круталевич Е. Қостанай обл, Балалар шығармашылығы мектебі.

Республикалық байқау жеңімпаздарды Қазақстандық Ұлттық Юнеско Клубтары Федерациясының дипломдарымен, мақтау қағаздарымен марапатталды.


Недавние посты

Смотреть все

Dastur cup ІІІ нәтижелері✅

▶️Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының "Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталық" және Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «ДӘСТҮР» ИПК ұйымдастыруымен 2024

bottom of page