top of page

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗІ!

  2023 жылғы 21 желтоқсанында ҚР Оқу-ағарту министрлігі Республикалық қосмыша білім беру оқу - әдістемелік орталығының ұжымы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу қызметінің сарапшысы Асан Дулатұлы Айдархановпен кездесті.

  Қазақстандық қоғамда, оның ішінде педагогтер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру басым бағыттардың бірі болып табылады.

  Кездесу барысында Асан Дулатұлы ұжымдағы қызметкерлерді Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасындағы негізгі ережелермен таныстырды. Атап айтқанда, кездесуге қатысушылардың назарын қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың қабылданған Жоспарына аударып, сонымен қатар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, алдын алу және оларға дұрыс әрекет ету қабілетіне негізделген сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді басқару туралы айтты.

Асан Дулатұлы корпоративтік парасаттылық стандарттарын сақтауға жауапты квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметіндегі тәсілдерге назар аударды.

  Ол кездесуге қатысушыларды жас ұрпақты кез-келген құқық бұзушылыққа нөлдік төзімділікті қалыптастыру, қоғамда парасаттылық қағидаттарын енгізу жөніндегі жұмысқа белсенді тарту жөніндегі жұмысты жалғастыруға шақырды.

Кездесуде ашық және сенімді диалог болды.



bottom of page