top of page

«Сен үздіксің!» атты мектеп президенттерінің облыстық форумы өтілді

Түркістан облысының білім басқармасы "Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығы" КММ-нің ұйымдастыруымен 2023 жылғы желтоқсан айының 7—сі күні Түркістан қаласы, Түркістан жоғары қол өнер колледжінің базасында «Сен үздіксің!» атты мектеп президенттерінің облыстық форумы өтілді. Форумды "Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығы" КММ-нің директорының орынбасары Досболғанов Бекбол Әліұлы ашып, жалынды жастарға сәттілік тіледі. «Сен үздіксің!» атты мектеп президенттерінің облыстық форумы қалалық және аудандық жалпы білім беру ұйымының мектеп парламенттерінің жеңімпаз президенттері арасында өткізілді.

  Форумның мақсаты

- Білім беру ұйымдарында мектеп президенттерінің мәртебесін арттыру.

- Форумға қатысушы мектеп парламентті президенттінің ұстанымы мен тұлғалық әлеуетін көрсету.

- Мектеп президенттінің бастамаларын қолдау және ынталандыру.

Форум 3 бөлімнен тұрды:

І-бөлім – Өзін-өзі таныстыру кезеңі

ІІ-бөлім – «Мектеп президентті қандай болуы керек» номинациясы тақырыбында видеопрезентациясы

ІІІ-бөлім – «Үздік бастама, үздік жобалар» номинациясының тақырыбына сай шығармашылық үздік бастама, жобалар көрсету. Форумның қорытындысы бойынша жеңімпаздар «Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығы» мекемесі атынан «Алғыс хатмен» марапатталды. Жеңімпаздар, жеңістеріңіз құтты болсын!

bottom of page