top of page

Робототехника және Lego бойынша қашықтан шеберлік сабақтары өткізілді

2021 жылғы 8 қаңтарда «Оқушылар сарайы» МКҚК педагогтері Петропавл қаласының мектеп оқушылары үшін робототехника және Lego бойынша қашықтықтан шеберлік сабақтарын өткізді.

Педагог Д.В. Алешин «Робототехника – бағдарламалау және инженерия негіздерін интеграциялау. Arduino негізіндегі электротехника» тақырыбында робототехника мен мехатрониканың қазіргі әлемде қолдану саласы мен өзектілігін көрсетті. Оқушылар робот не екенін, робототехниканы оқу кезінде қандай дағдыларды алуға болатынын білді, Tinkercad әзірлеу ортасында Arduino контроллері негізінде робот прототипін құру элементтерін талдады, робототехникалық жүйелерді жобалау кезінде қолданылатын негізгі электрондық элементтерді қарастырды.

Педагог Н.М. Смайылов «Lego MINDSTORMS EV3 негізінде бағдарламалау» тақырыбы бойынша мастер-класс өткізді. Мұнда LEGO MINDSTORMS EV3 платформасының мүмкіндіктеріне қысқаша шолу жасалды. Оқушылар моторлармен және датчиктермен танысып, LEGO EV3 Education қосымшасы арқылы модульдерді бағдарламалау үлгілерін қарастырды.

Шеберлік сабақтарына №43, №23, №13, №12, №44, №17, №2, №4, №10, №23 орта мектеп оқушылары, сондай-ақ, «Дарын» мектеп-лицейі, «БЭСТ» гимназиясы, IT лицейінің оқушылары белсене қатысты.


bottom of page