Республикалық үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысы өнер мен тәрбиенің тамаша үндестігін паш етті.
- Rumsdo rumsdo

- 9 окт.
- 1 мин. чтения
Музыкалық және көркем-эстетикалық білім беру аясында адал азамат пен кәсіби маман қалыптастырудағы заманауи тәжірибелер мен даму бағыттарының оқу-тәрбие үдерісіндегі миссиясы 9–10 қазан күндері Алматы облысы, Ұзынағаш ауылында өткен республикалық үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысы өнер мен тәрбиенің тамаша үндестігін паш етті.
Еліміздің әр өңірінен жиналған музыка және өнер мектептерінің басшылары мен педагогтері екі күн бойы шығармашылық тәжірибе алмасып, эстетикалық білім берудің заманауи тәсілдері мен жаңа даму бағыттарын талқылады.
Бірінші күнгі WORKSHOP семинары шығармашылықтың, жаңашыл ой мен педагогикалық инновациялардың алаңына айналды. Музыка, би, бейнелеу және театр өнері саласындағы тәжірибелер тоғысып, эстетикалық тәрбиенің жаңа қырларын ашты.
Келесі күні өткен пленарлық отырыс рухани тереңдік пен кәсібиліктің мерекесіне айналды. Отырыста ҚР Оқу-ағарту министрлігінің, облыстық білім басқармасының және қосымша білім беру ұйымдары сөз сөйледі.
Олардың ішінде Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының директоры Гүлнара Абдрахмановна Абишева өз баяндамасында қосымша білім беру жүйесінің даму бағыттарын айқындап, педагогтердің шығармашылық әлеуетін арттырудың маңыздылығын атап өтті.
Шара соңында өткен «Шабыт пен тәрбие симфониясы» атты мерекелік концерт қатысушыларды шабытқа бөледі. Домбыра мен қобыздың күмбірі, би мен вокалдың әуені – бәрі көрерменге рухани қуат сыйлады.
Сонымен қатар қатысушылар Жамбыл Жабаев, Сүйінбай Аронұлы және Үмбетәлі Кәрібаевтың әдеби-мемориалды мұражайларына барып, ұлттық өнер мен мұраның терең мәнін тағы бір сезінді.
Бұл күндер – кәсіби тәжірибе мен рухани шабыттың, өнер мен тәрбиенің тоғысқан шынайы симфониясы болды!




Комментарии