top of page

Республикалық экологиялық байқаудың жеңімпаздары


ree

Өскелең ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, оқушылардың қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін ояту мақсатында наурыз-сәуір айларында Халықаралық құстар күніне арналған ХІ Республикалық «Құс сыңғыры» экологиялық байқауы қашықтықтан өткізілді.

Қатысушылар байқау ережесіне сәйкес, «Компьютерлік графика» мен «Сурет байқауы» номинациялары бойынша өз жұмыстарын ұсынды.

Байқауға Маңғыстау облысының жалпы және қосымша білім беру ұйымдарынан барлығы 20 оқушы қатысып, оның ішінде 2 оқушы жеңімпаз атанды.

Атап айтқанда, Ақтау қаласы, ІТ мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы Д. Урынгалиева қатарластарынан оза шауып І орынды иеленсе, Бейнеу ауданы, Қ.Бақтыбайұлы атындағы Бейнеу өнер мектебінің оқушысы А. Жексенбай жүлделі ІІІ орынға ие болды.

Маңғыстау облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмінің орталығы жеңімпаз атанған жас экологтарға шығармашылық табыс тілей отырып, жеңістерімен шын жүректен құттықтайды! Қанаттарыңыз талмасын!

Комментарии


Байланысымыз:

 

Қазақстан, Астана қаласы, Туран көшесі 55Б

Қабылдау бөлімі: 8 (7172) 57-41-49

Ақпараттық-аналитикалық бөлімі: 8 (7172) 57-41-60

Туризм, экология және техника бөлімі: 8 (7172) 57-41-52

Балалар мен жасөспірімдер қозғалысын үйлестіру бөлімі: 8 (7172) 57-41-57

Музыкалық, көркем-эстетикалық шығармашылық бөлімі: 8 (7172) 57-41-53

Қосымша білім беру және балалардың әл-ауқаты бойынша ғылыми-зерттеу зертханасы: 8 (7172) 57-41-17

Бухгалтерия: 8 (7172) 57-41-48

 

E-mail: rumcdo12@mail.ru

 

© РҚББОӘО ОАМ

bottom of page