top of page

Республика күнін мерекелеуге арналған "Ақындар айтысы" шарасы ұйымдастырылды

Азовое орта мектебі" КММ-де "Төрт тоқсан - төрт өнер" ұлттық мәдени-ағартушылық жобасы аясында бірінші тоқсан Республика күнін мерекелеуге арналған "Ақындар айтысы" шарасы ұйымдастырылды.

«АҚЫНДАР АЙТЫСЫ» – еліміздің барлық білім беру ұйымдарын біріктіретін, мереке атмосферасын құруға, өз еліне, өзінің кіші отанына мақтаныш сезімін қалыптастыруға, білім алушылардың қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылығын арттыруға, ақындардың дәстүрлерін лайықты жалғастыруға мүмкіндік беретін кең ауқымды республикалық акция.

«Ақындар айтысы» мақсаты: ұлттық рух пен патриотизмді, өз халқына және оның дәстүрлеріне құрмет сезімін тәрбиелеу, эмоционалды интеллекті қалыптастыру, айтысты қазақ халқының ұлттық құндылығы, шешендік өнердің баға жетпес мұрасы ретінде дәріптеу арқылы дарынды шығармашыл жастарды анықтау.

Дереккөзі:https://www.instagram.com/p/CyVBTWuIu1f/

bottom of page