top of page

Оқушылардың сәндік жұмыстарындағы ата-бабалардың дәстүрлі әдістері

2021 жылдың жазында Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебі «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша, «Жанданған петроглифтер» жобасы аясында оқушылардың сәндік жұмыстарынан «Дәстүр» көрмесін ашты.Экспозицияда «Дымқыл киіз басу», «Құрғақ киіз басу», «Аралас киіз басу», «Жүнді акварель» техникасында жүннен орындалған жұмыстар жиынтықтары бар.Жарты жыл бойы мектеп ұстаздары Инна Владиславовна Масленникова, Наталия Владимировна Решетова, Алтын Ибраевна Кисамеденова оларды технологиясымен таныстырып, балаларды киіз басу шеберлігіне әртүрлі тәсілдермен үйретті.Оқушыларымыз Гульназ Утегенова – «Тау рапсодиясы», Виктория Правдивец – «Көкшетау», Анна Иванова – «Жайлау» жұмыстарымен«Акварельді кескіндеме» техникасында жұмыс жасау дағдысын оқытушы Елена Ивановна Дистель жетілдірді.

- Жалпы, жүннен киіз басу -ежелгі дәуірден бастап ата-бабаларымыз жасай алатын қолөнердің ең көне түрі, тоқыма емес материал.Адамдар шамамен 8000 жыл бұрын жүннің жабағылану қабілетін анықтады.Бұл адамдар қой өсірумен айналысқан Орта Азия, Ресей халықтары үшін дәстүрлі.Мұндай ежелгі аңыз бар, Ной өз кемесінде қойларды тасымалдаған кезде, олар өте тар бөлмеде болған және бір орында тапталып тұрғандықтын олардың жүндері түскен, қойларды сыртқа шығарғанда сол жерде кілем төселіп жатқан.Қазақтар жүннен өмірге қажетті көптеген заттар - бас киімдер, киім, зергерлік әшекейлер, киіз үйлер, кілемдер жасаған, - деп түсіндірді Инна Владиславовна Масленникова.

Өнімдерді жасау үшін сабын-сілтілі ерітінді, жүн жәнеқолымыз қажет (жүн міндетті түрде табиғи).Жұмыстар, киімге арналған сәндік панно ретінде жасалды.Тегіс бұйымдар мен кілемдер үшін дымқыл киіз қолданылады, ал әшекейлер үшін аралас киіз, өйткені жүн түрлі-түсті, әдемі. Кейбір элементтер айқын, көрінісі жағынан әдемі болып шықты.Жоба «Жанданған петроглифтер» деп аталатындықтан, оларды жасау негізіне петроглифтер жатты.Мысалы, Амина Еркенованың«Ғасырлар тоғысынан» жұмысы, Дарья Захаркинаның «Баянауылдың петроглифтері» жұмысы, Камила Абитованың «Бұлан» жұмысы, Максим Черныштың «Туған дала» жұмысы. Жұмыстар интерьер, зергерлік бұйымдар жағынан жақсы, олар жұмсақ, жанды, қабырғада өте әсерлі көрінеді.

- Қазіргі уақытта жүннен жасалған акварель, аралас киіз сияқты қазіргі заманғы ою-өрнектің көптеген түрлері бар болғандықтан, біз балалармен бірге әр түрлі ою-өрнектерді зерттеп, жұмыс жасадық, тіпті киізді де, әшекейлеу үшін шашақтар мен түрлі-түсті жіптерді де қолдандық.Мысалы, Римма Кайдарова киізден «Дала сарындары" панносын, АлександраШвец «Жартасқа салынған өрнектер», ал Ясмин Искакова «Ежелгі жазулар» жұмыстарын «Жүнді акварель» техникасында орындаған, - дейді Наталия Владимировна Решетова.



bottom of page