top of page

Оқушылар арасындағы республикалық пікірсайыс турнирі өткізілді.

2025 жылдың 20-21 кыркүйегінде Семей қаласы Shakarim University базасында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы мен Абай облысының білім басқармасы «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен оқушылар арасындағы республикалық пікірсайыс турнирі өткізілді.


Мақсаты: білім алушылардың бойында азаматтық ұстанымды, өзінің және қоғам алдында өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілікті қалыптастыру, елде байқалатын өзекті жағдайларды талдау және жариялы талқылау арқылы шығармашылық және сыни ойлау қабілетін дамыту.


Турнирге облыстық, қалалық (Астана, Алматы, Шымкент қ.) ойындардың 2024-2025 оқу жылындағы жеңімпаздары – жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының 180 оқушысы 60 топ қатысты.


   Турнир нәтижесінде:

Қазақ лигасы:

III орын - Тәуекелұлы Бақдәулет, Дастанұлы Диас, Бердіхан Мәди Қалиханұлы - Қызылорда облысы;

II орын - Қапбас Зере, Амантай Әсел, Сұлтанбекова Дильназ - Алматы қаласы;

Жеңімпаз - Қайрат Бексейіт, Тоқтарбай Балауса, Асхатқызы Балжан - Жамбыл облысы;

«Үздік спикер» номинациясы - Қайрат Бексейіт - Жамбыл облысы.


Орыс лигасы:

III орын - Жумаханова Даяна, Серяковская Амалия, Жақсылық Мирас - Ақтөбе облысы;

II орын - Бақытбекова Назерке, Қадырова Тоғжан, Толендинова Адия - Абай облысы;

Жеңімпаз - Адильбекова Камиля, Тен Кира, Лапатик Ярослав – Қостанай облысы;

«Үздік спикер» номинациясы - Тен Кира – Қостанай облысы.


Ағылшын лигасы:

III орын - Әбжан Бекет, Ешмуратова Дария, Есен Мерей - Шымкент қаласы;

II орын - Қуансейт Жәдігер, Апекова Надира, Ульянова Таисая - Ұлытау облысы;

Жеңімпаз - Мұрзағазин Айсұлтан, Слям Айзат, Мұздыбай Аружан - Абай облысы;

«Үздік спикер» номинациясы - Апекова Надира - Ұлытау облысы.


Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!


Комментарии


Байланысымыз:

 

Қазақстан, Астана қаласы, Туран көшесі 55Б

Қабылдау бөлімі: 8 (7172) 57-41-60

Ақпараттық-аналитикалық бөлімі: 8 (7172) 57-41-17

Туризм, экология және техника бөлімі: 8 (7172) 57-41-52

Балалар мен жасөспірімдер қозғалысын үйлестіру бөлімі: 8 (7172) 57-41-57

Музыкалық, көркем-эстетикалық шығармашылық бөлімі: 8 (7172) 57-41-53

Бухгалтерия: 8 (7172) 57-41-48

 

E-mail: rumcdo12@mail.ru

 

© РҚББОӘО ОАМ

bottom of page